31.05.2024
2024 жылдың 27 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2023-2024 оқу жылының 5АВ01140401 – «Информатика қолданбалы бакалавры» мамандығы бойынша IV курс, яғни И-42ҚБ тобының студенттері компьютерлік архитектура, web технологиялар, информатиканы оқыту әдістемесі, программалау, деректер қоры, педагогика және психология пәндерінен дипломдық жұмыстардың қорғауы өтті. Мемлекеттік атестаттау комиссияның мүшелері – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау унивверситетінің информатика кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Айдарханова Айнаш Казбековна, Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп интернатының информатика пәні мұғалімі, жаратылыс ғылымдарының магистрі, педагог-модератор Шарипов Асхат Булатбекович студенттерге дипломдық жұмыстарды қорғауда сәттілік тілеп, зерттеу жұмыстарын тамашалады. Жалпы 12 дипломдық жұмыс қорғалды. Атап айтатын болсақ, «iSpring Quizmaker бағдарламасында білімді бағалауға арналған тест құру тәсілдері», «Информатика сабағында компьютерлік ойындардың оң жақтары мен кері әсерін зерттеу», «Panorama Maker бағдарламасында модельдеуді жүзеге асыру», «Информатика пәні мұғалімінің сабақ процесінде пайдаланатын интерактивті ресурстары», «Бұлтты технологияларды оқу процесінде қолдану», «Виртуалды понорамалардың білім жүйесіндегі пайдалы жақтарын зерттеу», «Бұлтты технологияларды оқу процесінде қолдану», «Заманауи оқу үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің жолдары», «Жеткіншектердің дағдарыс кезеңінің психологиялық сипаттары», «Тереңдетілген лазерлік гравюра режимдерін зерттеу», «HTML тілі көмегімен Web–беттер жасау технологиясы меңгеру» атты тақырыптарда жазылып, теориялық және практикалық бөлімдерін қамтыды. Әрбір студент тақырыптың мақсатын, өзектілігін аша отырып, зерттеу жұмысының нәтижесін жоба жасау арқылы бекітіп, мемлекеттік атестаттау комиссия мүшелерінің алдында демонстрациялады. Дипломдық жұмыстардың жетекшілеріне толағай табыстар, түлектерімізге сәт сапар тілейміз!