АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 24 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде колледж кітапханашыларына арналған «КitapSHakhary – 2024» тақырыбындағы республикалық семинары жалғасын тапты. Іс-шара барысында Қарағанды облыстық оқу-әдістемелік орталығының жауапты маманы Баймаганбетова Турсын Мукановна, Ұлытау облысы білім басқармасының бас маманы Кахарман Аяулым Кахарманкызы, Астана қаласындағы әдістемелік орталықтың әдіскері Байтемирова Әсемгүл Балгиновна, Жетісу облыстық Білім басқармасына қарасты «Әдістемелік орталықтың» әдіскері Орманова Лаура Байгазыевна және Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Ақмырзаева Гүлайым Ермекбайқызы «Колледж кітапханаларын заманауи дамыту» тақырыбында сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі кітапханасының меңгерушісі Рахимова Зарина Жомартқызы «Абай атындағы электронды-ресурстық кітапхананың білім берудегі рөлі мен мүмкіндіктері» атты таныстырылым жасаса, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі Камалиден Айгерім Сағындыққызы «Цифрлы дидактика – заманауи педагогтің құралы» (teachcollege.kz) тақырыбында ой өрбітті. Республикалық семинарда секциялық алаңдар құрылды. Информатика пәнінің оқытушылары Өтепбай Досай Жұмаханұлы мен Атай Сабыржан Құрманұлы «Wix.com» бағдарламасында әзірленген колледж оқытушыларының жеке сайтымен таныстырса, Шахтинск технологиялық колледж кітапхана меңгерушісі Горяйнова Татьяна Ивановна «Роль инноваций и повышения эффективности работы библиотеки колледжа в рамках реализации проекта «Читающий колледж» тақырыбында сөз қозғады. Сонымен қатар Ұлытау облысы, Жезқазған гуманитарлық колледж кітапханашысы Шахманова Айнакул Тулегеновна «Көріңіз. Зерттеңіз. Қолданыңыз» тақырыбында жұмыстарын ортаға салса, Жамбыл облысы, Жамбыл жоғары медициналық колледжі кітапханашысы Бегалиева Нурсулу Ерлановна «Оқырмандарды кітап оқуға қызығушылығын арттыру және заманауи кітапхана» тақырыбында сөз сөйледі. «Edline» ЖШС бизнесті дамыту менеджері, жоба авторы Ажимуханов Арман Дуйсенович «CMART KITAPHANA» кітапханаларды автоматтандыру жобасымен таныстырса, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі Пазылова Зульфия Жамалдинқызы «Оқуға құштар колледжді қалыптастырудағы колледж кітапханасының рөлі», Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінің кітапхана меңгерушісі Биттибаева Ултуар Баубековна «Оқуға құштар колледж» жобасының мүмкіндіктері және жетістіктері» жайлы ой өрбітті. Сондай-ақ БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе колледжінің кітапхана меңгерушісі Шамғалиева Айгерім Мырзағалиқызы «Колледждегі кітапхана жұмысын заманауи ұйымдастыру», Шымкент жол-көлік колледжінің кітапхана меңгерушісі Байназарова Гульжамал Серикбаевна «Жаңа дәуірдің заманауи кітапханасы» және Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің кітапханашысы Махамбетова Анар Муратовна «Колледж кітапханасы – сапалы білім берудің ақпараттық және тәрбиелік ресурсы» тақырыптарында озық тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтырудағы колледж кітапханашыларының ой-пікірлері мен ұсынымдары талқыланып, қабылданып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.