АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің педагогикалық кадрларын даярлау саласындағы білім беру қызметі бойынша ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелерінің» СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН алды!
2020 жылдың 19 наурыз Алматы қаласы, «EUROASIA MS» ЖШС тарапынан берілген №0116929 сәйкестік сертификатына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің барлық кезеңдерінде жүзеге асырады және колледждің ағымдағы ұйымдастыру құрылымында СТ ISO 9001-2016 талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Колледж жүйелілік менеджмент талаптарына сәйкес құжаттарды халықаралық стандартқа сай жасақтап, қолданысқа енгізді. Жүйелілік менеджменті негізінде стратегиялық бағдарлама, Ереже, лауазымдық нұсқаулықтар дайындалды. Колледж оқытушылары, әкімшілік құрамы арнайы оқудан өтіп, сертификатқа ие болды.
Колледжде жүйелілік менеджменттің болуы әр студенттің кәсіби бағдарынан бастап және түлектерді бітіргенге дейін әр кезеңде мамандар мен қызметкерлерді оқыту сапасын басқару талаптарын сақтаудың нақты кепілі болып табылады.
Колледждегі жүйелілік менеджменті білім беру сапасын төмендететін үдерістерді анықтау, азайту, жою және болдырмау үшін СТ ИСО 9001 - 2016 талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін барлық үдерістерді үздіксіз жақсартуға бағытталған.
Жүйелілік менеджментінің жүзеге асыру мүмкіндігі колледждің қол жеткізген жетестіктерін саралай отырып, бәсекеге қабілетті, сапалы білімді тек облыс аймағында ғана емес, жалпы Республика көлемінде қамтамасыз етеді.