Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.Осы ретте рәміздерге деген құрмет, оларды бойтұмардай қастерлеу сынды құнды қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмысы бойынша қашықтықтан атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 22 мамыр – 4 маусым аралығында «Мемлекеттік рәміздер – ел тірегі» тақырыбында онлайн-тәрбие сағатттары, «Рәміздер – мақтанышым» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» онлайн-эссе жазу байқаулары өтті. Ел тарихы үшін мәртебелі мереке саналатын атаулы күн ұлықтап, Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын дәріптеп, оның маңыздылығы туралы ой қозғалды.