Текст
2024 жылдың 15 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушысы Дюсенбина Бибіжамал Қайыргелдіқызы «ZOOM» конференциясын өткізді. Бұл кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес Ақмола облысына қарасты Айыртау орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Конференция барысында колледж бойынша ақпараттар беріліп, бейнежазба көрсетілді.