АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

30.04.2024
2024 жылдың 24-26 сәуір күндері аралығында Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Демалыс зертханасы: Жарқын. Қызықты. Тамаша» атты педагогикалық отрядтардың Республикалық Слеті өтті. Негізгі мақсат – балаларды жыл бойы сауықтыру, демалыс және бос уақытын пайдалану жүйесін ұйымдастырудың сапасы мен тиімділігін арттыру, қызметтің осы саласының кадрлық әлеуетін дамыту. Слет бағдарламасында:
• танысу кафесі;
• командалардың визит картасы;
• заманауи стильдегі ұлттық ойын жобалары;
• «Біздің жетістіктеріміз – біздің мақтанышымыз!» Слетке қатысушылардың жетістіктерінің көрмесі;
• «Балдәурен» РОСО ұйымдастырушы-ұстаздары мен қосымша білім беру педагогтарының шеберлік сыныптары;
• Слет қатысушыларының шеберлік сыныптары;
• мәдени-экскурсиялық бағдарлама («Бурабай» МҰТП киелі жерлеріне бару).
Республика бойынша педагогикалық жасақтардың арасынан Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «І шуақ» педагогикалық жасағы жүлделі ІІ орынға иеленді! Жетекшілері:  Жанбырбай А.А., Өмірзақ А.Қ. Құттықтаймыз!!! Алар асуларыңыз биік болсын!
Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

"Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

j.musin_qazaq_pedkolleji j.musin_qazaq_pedkolleji

Ұйымдар тізімі
Текст