26.04.2024
2024 жылдың 25 сәуір күні ҚР Жазушылар одағы Астана қалалық филиалы және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің 90 жылдығына арналған «Сан қырлы Сәкен сері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды іс-шараға Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы қатысып, ой бөлісті.