26.04.2024
2024 жылдың 25 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жәбірлеуге (буллинг), кибербуллингке ұшыраған немесе оған куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі» тақырыбындағы семинар өтті. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы іс-шара тақырыбының бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін баса айтты. Сондай-ақ директордың республикалық оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы буллингке қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық портреттері және олармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктеріне тоқталса, әлеуметтік педагог Шекенбаева Ажар Нұралықызы «Жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Педагог-психолог Сабыр Ақжібек Теміржанқызы «Буллингтің алдын алу» тақырыбындағы тренингін өткізсе, жасөспірімдер жөніндегі полиция қызметкері Маныбаев Жанат Зейнелгабиденович жасөспірім ортадағы буллинг, кибербуллинг мәселелерін ашып айтты. Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының психологі Негметоллина Сымбат Оразовна «Балалар мен жасөспірімдерде агрессивті және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама қорғады. Семинар соңында пікір алмасып, мәселелер ашық талқыланды.