26.04.2024
2024 жылдың 25 сәуір күні Башқұртстан мемлекетінің Уфа ғылым және технология университеті, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі және Б.М.Мамбеткулов атындағы Сибай педагогикалық колледждерінің ұйымдастыруымен «ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ - 2024» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Маңызды іс-шарада Уфа ғылым және технология университетінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Хамитов Ильдар Салихьянович оқу орнымызбен ынтымақтастықта тәжірибе алмасуға үнемі қолдау көрсетуге дайын екендігін және білім беру жүйесіндегі әлемдік тенденциялар ортақ мақсатты жүзеге асыруға негіз болатындығын атады. Сондай-ақ колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің орынбасары Бақытгүл Ерғалиқызы қатысып, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысында ынтымақтастықта тәжірибе алмасуға ашық екендігіне пікір білдіре келе, ғылым кеңістігіндегі мәселелерді атап өтті. Колледж оқытушылары, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Әмірова Сағира Абзалқызы, педагогика ғылымдарының магистранты Кравченко Анастасия Петровна «Особенности изучения казахских сказок через литературный жанр комикс», педагогика ғылымдарының магистрі Жусупова Динара Петровна «Языковые особенности диалогической речи в процессе изучения иностранного языка», педагогика ғылымдарының магистрі Китарова Галия Сырымовна «Перевод как средство коммуникации на разных языках и в разных культурах», педагогика ғылымдарының магистрі Әміржанова Гүлмира Қайыржановна «Основные аспекты инклюзивного образования в техническом и профессиональном, послесреднем образовании», PhD докторанты Сабырова Әсем Бекешовна «Роль когнитивных технологий в развитии иноязычной компетенции студентов ВУЗов» тақырыптарында өз мақалаларын жариялады. Пленарлық отырыста Кравченко Анастасия Петровна «Особенности изучения казахских сказок через литературный жанр комикс» тақырыбында баяндама жасады.
«ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ - 2024» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар арнайы сертификатқа ие болады.