Текст
2024 жылдың 24 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушылары Абиева Камила Қойшыбайқызы мен Қайыржан Тілек Сағындыққызы «ZOOM» конференциясын өткізді. Бұл кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес Степногорск ауданына қарасты Заводский кентінің орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Конференция барысында колледж бойынша ақпараттар беріліп, бейнежазба көрсетілді.