11.04.2024
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің меңгерушісі Абиева Камила Қойшыбайқызы, «Ағылшын» бөлімінің меңгерушісі Қаппас Айсара Жанатқызы, информатика пәнінің оқытушысы Жәнібек Маралек Батырбекұлы және дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Көке Асылбек Қабайұлы өңір орталығындағы №11 мектеп-гимназиясына 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында барып қайтты. Оқушыларға колледждегі мамандықтар мен біліктіліктер жайлы ақпарат беріліп, бейнероликтер көрсетіліп, колледж жайлы таратпа материал ұсынылды.