АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

КӘСІБИ БАҒДАР: АҚПАРАТ, АҚЫЛ-КЕҢЕС, ІРІКТЕУ, ДҰРЫС ШЕШІМ

11.04.2024
2024 жылдың 9 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Филология» бөлімінің меңгерушісі Абиева Камила Қойшыбайқызы, «Бастауыш мектеп» бөлімінің меңгерушісі Қабдуәли Ұлан Балғабайұлы, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің меңгерушісі Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы, «Дене мәдениеті» бөлімінің меңгерушісі Баймагамбетова Римма Кенжеболатқызы, информатика пәнінің оқытушысы Атай Сабыржан Құрманұлы және музыка пәнінің оқытушысы Сұлтан Нариман Нұржанұлы кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес өңір орталығындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебіне барып қайтты. Аталмыш оқу орындарының 9, 11 сынып оқушыларына колледждің барлық мамандықтары туралы маңызды ақпараттар берді. Білім алушыларға тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетіліп, талапкерлерге арналған арнайы парақтар таратылды.
Просмотров: 194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст