АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 5 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, педагог-модератор, "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы "Білім беру" саласы бойынша Кәсіби шеберлік конкурсының РЕСПУБЛИКАЛЫҚ кезеңінің жеңімпазы Ғ.Ғ.Амангелдінің шетел тілі пәнінен «Past Simple шағы және музыкалық аспаптардың тарихы (The history of musical instruments. Past Simple Review)» тақырыбындағы үлгі сабағы өтті. Білім алушылар мәтін арқылы оқылым стратегиясының ерекшеліктерімен танысып, Рast Simple шағын практикада қолдануға дағдыланады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды негізге алып, тәрбиелік компонентті күнделікті өмірлік қолданысқа енгізді. Сабақ барысында презентациялық, тыңдалым аудиоматериалдары, Wordwall, umapalata, menti.com платформалары қолданылды.