АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 4 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, педагог-модератор А.Ж.Қаппастың «Практикалық фонетика» пәні бойынша «Жұрнақ арқылы жасалған сөздердің екпін ерекшелігін ажырату (Review suffixes and word stress)» тақырыбындағы үлгі сабағы өтті. Білім алушылар жұрнақ арқылы жасалған сөздердің екпінің тиісінше қойып айтылымда қолдану/ тыңдалымда ажырату / practice speaking and listening skills with suitable word stress in the words with suffixes; екпінге әсер ететін және әсер етпейтін жұрнақтарды салыстыру / classify the suffixes according it’s affect to the accent дағдыларын қалыптастырды. Сабақ барысында интербелсенді әдістер, сонымен қатар speechactive, piliapp, quizalize мультимедиалық технологиялары тиімді қолданылды.