Текст
2024 жылдың 5 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде информатика пәнінің оқытушылары Ғалымжан Еркебұлан Көлбайұлы, Өтепбай Досай Жұмаханұлы және Жәнібеков Маралбек Батырбекұлы «Zoom» конференциясын өткізді. Бұл кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес Егіндікөл ауданына қарасты №1 және Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болып, белсенділік танытты.