АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 5 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің басшысы, химия ғылымдарының кандидаты Дүйсебек Әділхан Төлегенұлымен кездесу өтті. Сұқбат барысында білім беру мазмұнына ұлттық құндылықтарды кіріктірудің әдіснамалық мәселелері, құндылыққа негізделген білім мен тәрбие жайлы мәселелер қарастырылды. Әділхан Төлегенұлы ұлттық құндылықтардың ұлт қорғаны екендігін баса айтып, ұлт болмысын көрсететін тәрбиенің түп қазығы саналатынын негізге алды. Колледж оқытушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алу мүмкіндігіне ие болды.