АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 29 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық тәрбие және отбасы құндылықтары» тақырыбындағы облыстық ата-аналар форумы өтті. Негізгі мақсат – отбасы институтын нығайту және рухани-адамгершілік, отбасылық құндылықтарды дамыту мен насихаттауда ата-ана қауымының белсенді рөлін арттыру және ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзіретін дамыту мақсатында педагогикалық қолдау көрсету. Форум барысында «Ұлттық құндылықтар: отбасы мен білім беру ұйымдарының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы» тақырыбында диалогтік алаңдар, шебер сыныптар, кеңес беру отырыстары өткізілді. Форум аясында Ұлттық құндылықтар академиясының мүшелері, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы, қалалық, облыстық жастар ресурстық орталықтары, Ақмола облыстық Аналар кеңесі, Ақмола облыстық Әкелер одағы, колледждің қамқоршылық кеңесі, колледждің әкелер және аналар кеңесі мүшелері диалогтік алаңдар мен шебер сыныптар, кеңес беру отырыстарына қатысып, ұлттық тәрбие және отбасы құндылықтары жөнінде ой-пікір алмасты.
#Біртұтастәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
@aqmoedu
@department.tipo
@altynsarin_akademiasy