АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

М.Монтессори технологиясы

22.02.2024
2024 жылдың 21 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «М.Монтессори технологиясы» элективті курс мүшелерінің қатысуымен өңір орталығындағы «Айша» бөбекжайы әкімшілігінің сұранысы бойынша «М.Монтессоридің сенсорика аймағына жататын «Қоңыр баспалдақ», «Қызғылт мұнара», «Қызыл зілтемір» дидактикалық материалдарын тиімді қолдану» тақырыбындағы семинар-практикум өтті.
Негізгі мақсат – студенттермен тәрбиешілерге сенсорика аймағына жататын «Қоңыр баспалдақ», «Қызғылт мұнара», «Қызыл зілтемір» дидактикалық материалдарын кіші жас тобынан бастап тиімді қолдану арқылы баланың бастапқы математикалық түсініктерін қалыптастыру, көріп қабылдауды дамыту арқылы негізгі сенсорлық базаны қалыптастыру. Іс-шараға «Айша» бөбекжайының меңгерушісі Сексенова Г.С. әдіскерлері Қырданова А.Б., Сүлейменова Ж.Ж. және тәрбиешілер толық қатысты. Семинар-практикум 3 бөлімнен тұрды. І теориялық бөлімде Монтессори педагог Әмірова С.А. баланы ерте жастан дамытудың маңыздылығы туралы өз ойымен бөлісті. Ахметова А. «М. Монтессоридің өмірі мен педагогикалық қызметі» туралы қысқаша ақпарат берді. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімнің ІІІ курс студенттері, «М.Монтессори технологиясы» элективті курс мүшелері Берген Тамаша, Тулетай Наргиз, Онербек Назерке, Ақан Айнұр «Қоңыр баспалдақ», «Қызғылт мұнара», «Қызыл зілтемір» және математика аймағына жататын «Сандық зілтемір» дидактикалық материалдарының мақсаты, міндеті, мазмұнымен таныстырып өтті. ІІ практикалық бөлімде Монтессори педагог Сағира Абзалқызы тәрбиешілердің өзін бала орнына қойып жеке және ұжымдық жұмыс түрлерінде «Қоңыр баспалдақ», «Қызғылт мұнара», «Қызыл зілтемір» дидактикалық материалдарын қалай қолдануға болатынын көрсетті. ІІІ практикалық бөлімде бөбекжай тәрбиешілерінің өздері жеке және топтық жұмыс түрлері арқылы «Қоңыр баспалдақ», «Қызғылт мұнара», «Қызыл зілтемір» дидактикалық материалдардан жеке-жеке және үшеуін бірге қолданып, әртүрлі пішіндегі құрастыру жұмыс түрлерін жасады. Сөз соңында Әмірова С.А. барлық тәрбиешілердің толық қатысуын ұйымдастырғаны үшін бөбекжай әкімшілігі мен тәрбиешілерге өз алғысын білдірді. Семинар соңында бөбекжай меңгерушісі Сексенова Гүлмира Сайлаубекқызы мен тәрбиешілер Март Бахытжан, Боранбаева А.Т., Шингожина Б.А., Сейтова К.Б., Баязитова И.М. өз ой-пікірлерімен бөлісіп, колледж студенттеріне алғысын білдірді.
Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст