22.02.2024
2024 жылдың 21 ақпан күні Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған «Шеберлік мозайкасы. Тәлімгерлік – жас педагогтің кәсіби қалыптасуының тиімді әдісі» атты облыстық семинар шеңбері өтті. Аталмыш іс-шарада Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші, республикалық «Үздік педагог – 2016» байқауының жеңімпазы Мұқышева Нұргүл Серікқызы «Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі» пәні бойынша үлгі сабақ өткізді. Үлгі сабақ Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінде 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алатын студенттермен ұйымдастырылды. Нұргүл Серікқызы мектепке дейінгі балаларға табиғатты таныстыру әдістемесін көрсете отырып, байланыс орната білді. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер, коучинг әдісі, мультимедиялық технологияларды тиімді қолданылды. Семинар соңында қатысушылар мен білім алушылар кері байланыс жасап, жақсы пікірлерімен алмасты.