АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Ө.Ш.Төлегеннің зейнеткерлікке шығуына орай ұйымдастырылған «Қазіргі білім беру парадигмасындағы педагогика және математикалық сауаттылық сабақтастығы» атты облыстық ғылыми-әдістемелік конференциясының пленарлық мәжілісі өтіп жатыр. Мәжіліс модераторы, колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Ахат Нұртас Ахатұлы өз сөзінде іс-шараның маңыздылығын, өзектілігін айқындады. Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы, Орта білім беруді дамыту және үйлестіру бөлімінің Кожахметова Сауле Болатовна мерейтой иесі Төлеген Өмірбек Шаймұратұлын құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мәжілісте А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті физика-математика ғылымдарының кандидаты Есмағанбет Мұсатай Ғалымұлы «Пәндерді оқытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану тәсілдері», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті математика, физика және информатика кафедрасының лекторы Атаев Берік Құрманұлы «Комбинаторика есептерін оқушыларға түсіндіруде презентацияларды қолдану», Көкшетау қаласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі, МSc, PhD-докторант Даутов Айбек Өмірбекұлы «Мектеп математикасында: теңдеулер мен теңсіздіктер теориясын беру тәсілдері» және әл-Фараби атындағы IT лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Касымова Гүлмира Мұратбекқызы «Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда тиімді тәсілдерді қолдану» тақырыптарында баяндама оқып, өзекті мәселелерді саралады. «Ашық микрофон» барысында талқылау жүргізілді.