АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің әкімшілігі онлайн жиналысқа шықты. Колледж директоры Нұртас Ахатұлы елімізде орын алған жағдай, соңғы енгізілген жаңалықтар негізінде колледждің жұмыс жасау тәртібімен таныстырды. Күн тәртібіне сәйкес директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары А.Рахимжанова, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.Рахым, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілияс, директордың практика жөніндегі орынбасары Қ.Мукушева қашықтықтан оқыту жүйесіндегі жұмыс нәтижелерімен таныстырды. Дипломдық, курстық жұмыстарды қорғау, пән бойынша емтихан жұмыстарын қабылдауды онлайн форматта жүргізу, т.б. мәселелер талқыланды. Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, бірқатар тапсырмалар берілді.