Алтын Орданың тарихы – қазақ елінің тарихы. Алтын Орда тақырыбын зерттеген, зерделеген ғалымдар некен-саяқ. Тіпті осы тақырыпта жазылған шығармалар саны да санаулы. Тарихымыздың дамуына, арғы-бабамызды тану мақсатында әрбір қазақстандық өз үлесін қосу қажет. Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Алтын Орланың 750 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде жүргізілу керектігін айтқан болатын. Бұл қазақ елі үшін – ұлы игі бастама. «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деген болатын Әл-Фараби. Ұлт тарихының өзекті мәселелерін кеңінен насихаттау – ұлт ретінде одан әрі дамуымыздың басты кепілі. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ФБ-41 топ студенттері «Алтын Ордаға – 750 жыл» тақырыбында онлайн-эссе байқауына қатысып, үздік туындылары Республикалық ULAGAT.com порталына жарияланды. Студенттерге ақпараттық қолдау көрсетіп жетекшілік жасағаны үшін топ жетекшісі Серкешбаева Г.Н арнайы Сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!