Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 24 сәуір күні сағат 15:00-де қабылдау комиссиясының ұйымдастыруымен «Бұл – біздің таңдау» атты онлайн ашық есік күні өткізіледі. Онлайн ашық есік күнін өткізудің мақсаты – талапкерлер мен ата-аналарға қашықтықтан колледждің тарихы, үйірме жұмыстары, мамандықтар бойынша толық ақпарат беру. Ашық есік күніне қатысу үшін талапкерлер инстаграм желісіндегі vkpk_official парақшасына тіркелу арқылы тікелей баланысқа шыға алады. 87162329242, 87759036069 байланыс телефондары арқылы Ашық есік күні бойынша толық ақпарат алуға болады.