АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

17.04.2020

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы сәуірдегі №123 бұйрығының 2-тармағы 8-тармақшасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өз беттерінше айқындайтын тәртіпке сәйкес дипломдық (курстық) жұмыстарды (жобаларды) онлайн режимінде қорғауды жүргізу міндеттелген. Осыған орай, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарын ұйымдастыру қашықтықтан жүзеге асырылуда. Колледжде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Бастауыш білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт», «Негізгі орта білім беру», «Музыкалық білім беру» мамандықтары бойынша жалпы саны 109 дипломдық жұмыс жазылып жатыр. Пән оқытушылары ZOOM бейнебайналыс бағдарламасы, GOOGLE дискі, электрондық пошта, WhatsApp мессенджері арқылы студенттермен байланыс жасап, дипломдық жұмыстардың ғылыми аппаратына, жазылу барысына қатысты нұсқау, кеңестерін беруде. Сонымен қатар, студенттер ғылыми-ізденіс жұмыстарын жазу кезінде қолдануға болатын барлық ашық білім беру ресурстарының барлық мүмкіндіктерін жүйелі түрде пайдалануда. #біз біргеміз#біз үйдеміз.

https://www.facebook.com/100013449011434/videos/pcb.911805565944402/911791969279095/?type=3&theater

 

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст