13.02.2024
2024 жылдың 9 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Көкшетау қаласы ПБ жеке құрамы «Stop, алаяқ!» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Колледж білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты – азаматтарды байланыс құралдарын пайдалану арқылы алаяқтық әрекеттердің түрлері және олардан қорғану тәсілдері туралы хабардар ету. Полиция қырағы әрі мұқият болуды, бөгде адамдарға жеке деректерді бермеуге кеңес берді.