Текст
02.02.2024
Ағымдағы жылдың 30 қаңтар мен 1 ақпан күндері аралығында Щучинск қаласында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткізілген облыстық "Кезең" Спартакиадасы бағдарламасындағы шаңғы жарыстары бойынша эстафетадан Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қыздар командасы (ДМ-22 тобының 2-курс студенттері Нечаева Лея мен Оспанова Әнел, ДМ-41 тобының 4-курс студенті Цыганкова Карина) жүлделі lll орынды иеленді. Жетекшісі Галимова Диана Тагирқызы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жеңісті күндер көп болсын!