АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 1 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде индустриялық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде кәсіптік стандартқа негізделген және ТжКБ ұйымдарының академиялық еркіндігін ескере отырып, ТжКБ мамамандықтары мен біліктіліктеріне арналған типтік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленген білім бағдарламаларының мазмұнын талқылау, бекітуге ұсыну мәселелері қаралды. Кеңеске Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің бас маманы Тоқсанбай Мұрат Қайырбекұлы қатысты. Индустриялық кеңестің құрамы бекітіліп, колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидаларымен таныстырды. Сондай-ақ бөлім меңгерушілері 2024-2025 оқу жылына арналып жасалған білім беру бағдарламаларының жобасын ұсынды, кейін мазмұны талқыланып, кеңес мүшелері ұсыныстар берді.