30.01.2024
2024 жылдың 29 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары Смаилова Айгүл Тоқтауылқызы және Искакова Бахыт Жарматайқызы өңір орталығындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Оқытушылар колледждегі мамандықтар мен біліктіліктер жайлы ақпарат берді. Оқушыларға колледж жайлы видеожазба керсетіліп, таратпалы материал ұсынылды.