АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ» тақырыбындағы кәсіби дидарласу алаңы өтті. Маңызды іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының басшы-мамандары, Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдары, облыстық педагогикалық колледждерінің басшы-мамандары, колледж әкімшілігі және түлектер қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы ынтымақтастықтың сүбелі мәселелердің шешімі екендігін атап өтті. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Президенті Тыныбаева Мадина Аглановна сапалы білімді қамтамасыз етудің маңыздылығын баса көрсетсе, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы студент пен оқытушы арасындағы тандемнің өзектілігін тілге тиек етті. Диалог алаңының І бөлімінде Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі мамандарының таныстырылымы мен ұсыныстары айтылды. Колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы білім бағдарламаларын өзектендіру және жетілдіру мәселелерін көтерсе, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің академиялық сұрақтар бойынша проректоры Медетов Нұрлан Әмірұлы «Қолданбалы және академиялық бакалавриат: колледж, университет арасындағы интеграция» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ колледж директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізін қалыптастыру жолдарын атап өтсе, колледж директорының практика жұмысы бойынша орынбасары Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы «Кәсіптік практика мәселелері. «Табысты түлек» орталығы туралы» баяндамасын оқып, сөз алса, колледж директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы мен PhD докторы Рақымжан Оралсын Қалиқайдарқызы кәсіби білім беруді ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Сонымен қатар колледж директордың Республикалық әдістемелік бірлестігі жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы «Педагогикалық білім беру бағдарламаларын жетілдірудегі мазмұндық, интердисциплинарлы икемділік, трансформация өлшемдері» тақырыбында ой өрбітті. «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мамандарымен тәжірибе алмасу алаңы» тақырыбындағы диалог алаңының ІІ бөлімінде Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры, п.ғ.к. Танирбергенова Анар Шынболатовна Біртұтас тәрбие беру мәселелерін, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту зертханасының меңгерушісі Адамбекова Айжан Мамановна ауыл және шағын жинақты мектептерді дамыту мәселелерін, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Орта білім институтының аға ғылыми қызметкері, п.ғ.д., профессор Булатбаева Кульжанат Нуримжановна педагогикалық колледждерді қолданбалы бакалавриатқа трансформациялау мәселелерін көтерсе, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, п.ғ.к. Сагиндиков Исатай Умирзакович «Бағалау жүйесін жетілдіру арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында сөз сөйледі. Дидарласу алаңының соңында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, ынтымақтастық аясында өткізілген кәсіби алаң қорытындыланды.