АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ МАМАНДАРЫНЫҢ РЕСМИ ІС-САПАРМЕН КЕЛУІ

24.01.2024

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен республикадағы педагогикалық колледждер «Тalap»  КеАҚ-нан бөлініп, ресми түрде заңдастырылып Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына бекітілді. Осы мақсатта алғашқы рет Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мамандары ынтымақтастық аясында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024 жылдың 24 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне ресми іс-сапармен келіп отыр. Ең алдымен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының мамандары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты. Атап айтсақ, «Prestige» кафесі, «Energy» фитнес орталығы, релаксация орталығы, бильярд, салтанат, би залдарымен, колледж баспаханасымен, музыка теориясы дәрісханасының мазмұнымен, конференц залмен, Логопедия-ресурстық орталығымен, Н.Құлжанова атындағы мектепке дейінгі педагогика дәрісханасы, , кәсіптік құзіреттілік алаңымен, музыкалық білім беру, А.Байтұрсынов атындағы тіл-танымдық,  психология дәрісханаларымен,   программалау орталығымен,  ІТ қолдау, «VENTURES» ресурстық,  мультимедиялық технологиялар орталықтарымен,   педагогика, Ж.Мусин атындағы дәрісханаларымен,  Мектепке дейінгі  жеке пәндер әдістемесі, М.Монтессори технологиясы зертханасымен,   Сандық технологиялар орталығымен және Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасының мүмкіндіктерімен таныс болды.  Сондай-ақ BІLІM ALU JÄNE QŪZІRETTІLІK KAMPUSY-нда колледж оқытушыларының әдістемелік құралдары бойынша көрме қойылды.

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст