АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 16,17 қаңтар күндері Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің №1 Студенттер үйінде педагог-психолог Жанбырбай Айдана Абдрахманқызы, Сабыр Ақжібек Теміржанқызы және әлеуметтік-педагог Шекенбаева Ажар Нұралықызының ұйымдастыруымен МД-11, ДМ-23ҚБ, ДМ-11, ФБ-11, ФБ-21, И-11, А-11, Л-21, МД-12 және БМ-11 топтарының студенттері арасында «Ұрлық түбі – қорлық» тақырыбындағы психологиялық дәріс өтті. өткізді.
Тренингтің мақсаты: студенттердің құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және дамыту, ұйымшылдықпен, тәртіптілікпен оның тиімді жолдарын үйрету, жауапкершілікті арттыру, адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, терең ойлау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту. Сондай-ақ адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы тәрбиелеу басты назарға алынды. Студенттер тақырыпқа сәйкес презентация көрсету арқылы, топша болып, мақал-мәтелдердің мән-мағынасын ұғынып, бір-бірлерімен пікір алмасты.