17.01.2024
Ағымдағы жылдың 11 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог Шекенбаева Ажар Нұралықызы және педагог-психологтар Жанбырбай Айдана Абдрахманқызы мен Сабыр Ақжібек Теміржанқызының ұйымдастыруымен І курс студенттеріне арналған «Қоғамдық тәртіп» тақырыбындағы ақпараттық дәріс өтті.
Мақсаты: студенттерді адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру және құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру.