17.01.2024
2024 жылдың 11 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде әдіскер Мендыбаева Айжанар Нұрланқызының ұйымдастыруымен оқытушыларға арналған «TOPIQ.KZ платформасын сабақта қолдану» тақырыбында семинар-практикум өтті. Оқу сабағын сапалы ұйымдастыруда электрондық оқулықтар кітапханасын тиімді пайдалану жолдары көрсетіліп, әдістемелік ерекшеліктері тәжірибе жүзінде орындалды. Сонымен қатар оқытушыларға нейрожелілер арқылы тапсырмалар, тест тапсырмаларын құрастыратын платформалар таныстырылды. Жасанды интеллект көмегімен тиімділікті арттыру мүмкіндіктері көрсетіліп, оқытушының ақылды көмекшілері практикалық тұрғыда қолданылды.