АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы оқыту семинары

17.01.2024
2024 жылдың 8 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Семинар барысында колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы, республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы білім беру бағдарламасын әзірлеуде модульдердің тізбесі мен мазмұнын анықтау үшін біліктілік бойынша кәсіби қызметтің мазмұнына егжей-тегжейлі талдау, яғни функционалдық талдау жүргізу қажеттігін баса айтып, оның паспортын, құзіреттер тізімін, мазмұнын, модульдері (пәндері) бөлісінде игерілген кредиттердің/сағаттардың көлемін көрсететін жиынтық кестесін, құзыреттер бойынша пәндер матрицасын және оқу жұмыс жоспарын жасаудың жолдарын түсіндірді. Айта кету керек, былтырғы оқу жылында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары реестрге ілінген болатын. Тәжірибемен бөлісу мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің меңгерушісі Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы білім беру бағдарламаларының жасалу ерекшеліктерін талдап көрсетті.
Просмотров: 378


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст