08.01.2024
2024 жылдың 5 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің №2 Студенттер үйінде алғашқы әскери-технологиялық дайындық кабинеті, қыздар мен ер балаларға арналған жеке 2 тренажер залы және теннис, тир залдарының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шарада колледж директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлы бүгінгі жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, ел азаматтарының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру – бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде аса маңызды орын алатындығын атап өтті. Сондай-ақ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы төрағасы Сағидолда Орынбек Мәмиұлы ашылу салтанатымен құттықтап, мұның «Айбын» әскери-патриоттық клубы және «Томирис» рухани-патриоттық қыздар клубы мүшелерінің жан-жақты дамуына оң әсер тигізері сөзсіз екендігін тілге тиек етті. Бұл аудиториялар әскери-патриоттық тәрбие беру ісін жетілдіріп және білім алушылардың дене сымбатын қалыптастырып, спортпен айналысуына қажетті барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ Студенттер үйінің артқы қапталында жаттығу жасауға арналған Street Workout алаңы орналасқан. Футбол,волейбол, баскетбол алаңқайлары – білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілетін түрлі шараларға қолайлы орта.