АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Семина«Заманауи технологиялар және білім беру саласына ұлттық құндылықтарды енгізу шеңберіндегі педагогтердің кәсіби құзіреттілігі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық семинарыр

08.12.2023

2023 жылдың 7 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті мен «Бөбек»  ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы,  «БӨБЕК» колледжінің ұйымдастыруымен «Заманауи технологиялар және білім беру саласына ұлттық құндылықтарды енгізу шеңберіндегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар мақсаты – ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтар және педагогикалық практика мен ғылымның жетістіктері негізінде рухани дамыған, зияткерлік өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген әдістерін анықтау, Қазақстан мен көршілес елдердің педагогтары арасындағы серіктестікке, сындарлы өзара ынтымақтастыққа, заманауи білім берудің өзекті мәселелерін шешу бойынша тәжірибелерді дамытуға ықпал ету. Халықаралық іс-шараға  Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғыз Республикаларынан білім саласында қызмет атқарып жүрген мамандар қатысты.  Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары да "Білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар" және "Ұлттық құндылықтарды білім мазмұнында енгізу  аспектілері" секцияларында баяндама оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Арнайы пән оқытушысы, мектепке дейінгі бөлім меңгерушісі Г.Т.Балдыкова "Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда PECS карталарын пайдалану жолдары", қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, филология бөлімінің меңгерушісі К.Қ.Абиева "Қазақ әдебиеті сабақтарында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жолдары", информатика пәнінің оқытушысы Д.Ж.Өтепбай "Python бағдарламалау тілін оқыту үрдісінде ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту", музыка пәнінің оқытушысы Ұ.Н.Жүніс "Музыканы оқыту үрдісінде қазақтың ұлттық құндылықтарын заманауи технологиялармен қалыптастыру", М.Дахан "Химияны оқыту үрдісінде жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту", А.С.Қамалиден "Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін  оқыту әдістемесі", қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, колледж әдіскері М.Тұрлыбекқызы "Жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту ерекшеліктері", арнайы пәндер оқытушысы А.М.Шуматова "Қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар сабақтастығы", Н.С.Мукушева "Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбилеу жолдары", ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, ағылшын бөлімінің меңгерушісі А.Ж.Қаппас "Шетел тілін оқыту барысында лингвомәдени ерекшеліктерді салыстыру арқылы ұлттық құндылықтарға баулу" тақырыбында ой қозғап, мазмұнды баяндамалар жасады. Семинар қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.

Просмотров: 650


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст