АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 28 қарашасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледінде «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola – 2024» аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу мақсатында байқау өткізілді.
Байқау шарттарына төмендегідей 4 модуль тапсырмасы ұсынылды:
1-тапсырма: Модуль А. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірінде бастауыш сыныптарда сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңі) әзірлеу, әдістемелік қамтамасыз ету және өткізу;
2- тапсырма: Модуль В. Оқу пәндерінің бірінде белгілі бір тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқыту тапсырмаларын әзірлеу және көрсету;
3- тапсырма: Модуль С. Мұғалімнің жеке сайтын құру;
4-тапсырма: Модуль Д. Патриоттық, экологиялық, адамгершілік бағыт бойынша сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу.
«Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola – 2024» колледжішілік чемпионатына қатысушылары берілген тапсырмаларды тек қана көрсетілген бағыт бойынша емес, өз ойларын, өз қиялдарын жетік қолданып, сабақ барысында алған әдістемелік білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Кезеңге байланысты уақыт беріліп, сол уақытты тиімді пайдала алды. Әр модуль бойынша өздері жасаған жұмыстарын қорғап, әр қатысушы белсенділікпен, жауапкершілікпен атқара білді. Өздерінің бойларынан бастауыш сыныптарды оқыта алатын маман иесі байқалды. Әр қатысушыға алғысымызды білдіреміз.
Байқау жеңімпаздары жабылу салтанатында жарияланады.