2023 жылдың 21, 22 қараша күндері Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Жұмбақтас» туристік үйірме мүшелерінің арасында жабық бөлмеде туристік көпсайыстан тау туризмі техникасы бойынша колледжішілік жарыс өтті. Жарыс қорытындысына сәйкес «Байлам» қашықтығы бойынша I орынға ДМ-31 тобының студенті Куат Мақсат пен ДМ-21 тобының студенті Жукенова Гульназ, II орынға ДМ-31 тобының студенті Суйеубай Наурызбек пен ДМ-11 тобының студенті Уәлиден Жанар және III орынға ДМ-41 тобының студенті Рақыш Даулет пен ДМ-41 тобының студенті Айкешова Дильназ ие болды. Сондай-ақ «Жеке» қашықтық бойынша ұлдар арасында I орынды ДМ-31 тобының студенті Куат Мақсат, II орынды ДМ-31 тобының студенті Суйеубай Наурызбек және III орынды ДМ-41 тобының студенті Рақыш Даулет иеленді. Қыздар арасында ДМ-21 тобының студенті Жукенова Гульназ I орын, ДМ-11 тобының студенті Уәлиден Жанар II орын және ДМ-11 тобының студенті Чокпарова Нұрайлым жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамота, медаль және кубоктармен марапатталды. Білім алушыларға алдағы облыстық жарыста жеңіс тілейміз!