АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 23 қараша күні Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Тәлімгерлік-жас педагогтың кәсіби қалыптасуының тиімді әдісі» облыстық семинары өтті. Негізгі мақсат – жас педагогтарға кәсіби қалыптасу үшін көмек көрсету. Облыстық семинарға жас педагогтар, әдіскерлер, «Үздік педагог» атағының иегерлері және республикалық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығының әдіскері Жаманбаева Карагоз Мукушевна құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығын баса айтты. Колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Экскурсия барысында «Сенім» релаксация кабинетінде колледж психологі Сабыр Ақжібек Теміржанқызы тренинг өткізіп, психологиялық ахуал тудырды. Семинар барысында педагогика ғылымдарының магистрі, PhD докторант, педагог-шебер, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, 2019 жылғы «Үздік педагог» атағының иегері Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша «Арнайы және инклюзивті білім берудің салыстырмалы ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізсе, педагог- шебер, Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің әдіскері, 2012 жылғы «Үздік педагог» атағының иегері Нарбаева Райхан Темирбековна «Жас педагогтармен жұмысты ұйымдастыру» және педагогика ғылымдарының магистрі, Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжінің, жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы, республикалық кәсіби шеберлік байқауының 2023 жылғы жеңімпазы Редько Надежда Сергеевна «Заманауи сабақтың инновациялық технологияларының тиімді әдістерінің жиынтығы» тақырыптарында шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Ашық сабақ пен шеберлік сыныптарға талқылау жүргізіліп, семинарға қорытынды талдау жүргізілді.