АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Оқу процесін қашықтықтан білім беруге көшіру бойынша колледж директорының арнайы бұйрығы мен атқарылатын жұмыс жоспары, сабақ кестесі жасалып бекітілді. Ең алдымен, топ жетекшілері колледж студенттері мен WhatsApp желісіндегі ата-аналар чатына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқу процесі бойынша ақпараттар, нұсқаулықтар, сабақ кестелері, қоңырау кестелері коллдеждің http pt0004.kokshetau.agmoedu.kz/ сайтына салынып, оқу бөлімі тарапынан бақылау енгізілді. Оқытушылардың оқу-әдістемелік кешендері, педагогикалық практика кестелері Google Диск сервисіне салынды. Барлық сабақтар Google Classroom интерактивті платформасы және Zoom арқылы бейне оқыту, Google SmartNation электронды платформалары арқылы онлайн жүйесінде жүргізіле бастады. Ауылдық елді мекендерде тұрып жатқан студенттерге Zoom арқылы бейне оқыту жүйесіне шығу қиындық тудырып отыр, алайда олар берілген тапсырмаларды, практикалық жұмыстарды электронды почталарға жіберіп, WhatsApp желісінде оқытушылармен байланысқа шығу арқылы бар мүмкіндіктерін жасауда.
Сонымен қатар «Балапан» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курс тыңдаушылары және сырттай оқу бөлімінің студенттері арнайы «Қашықтықтан білім беру» сайты арқылы білім алады.
Колледжде «Мектепке дейінгі оқытудың қолданбалы бакалавры», «Бастауыш білім берудің қолданбалы бакалавры» «Негізгі орта білім берудің қолданбалы бакалавры» мамандықтары бойынша 8 топ «PLATONUS» ақпараттық жүйесі арқылы білім алуды жалғастырады.