АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 7 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде тәлімгер-педагог Сағындық Айжан Жеңісбекқызының «Шетел тілі практикумы» пәні бойынша «Тілдің негізгі бірліктері және оларды қарым-қатынас жасау кезінде қолдану» тақырыбындағы үлгі сабағы өтті. Негізгі мақсат – тиісті тақырыптық лексика мен синтаксисті қолдану, тақырыпқа сәйкес мәтіннің контекстінен мағынаны шығару және қызықты тәжірибелер туралы сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Үлгі сабақ барысында жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде «Flippity.net» технологиясын тиімді пайдаланып, «Wordwall.net» технологиясы арқылы сөздермен жұмыс (сәйкестендіру) істеп, «Рadlet» тақтасын (сұрақтар құрастыру және жауап беру), кері байланыста ПОПС формуласын ұтымды қолдана білді. Айтылым кезеңінде Double circle әдісі сәтті пайдаланылды.