03.11.2023
2023 жылдың 1 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі №2 Студенттер үйінде колледж директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбековна білім алушылармен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында Студенттер үйінің ережелерін сақтау, Студенттік кеңестің жаңа құрамымен танысу, күн тәртібіндегі мәселелер, ережеге сәйкес әрбір қабаттарда тазалық жұмыстардың орындалуы туралы айтылды. Студенттер сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.