2023 жылдың 31 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «М.Жұмабаев педагогикасындағы ұлттық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбындағы колледжішілік апталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Информатика» бөлімінің студенттері арасында «Ақыл-ой тәрбиесі» тақырыбында интеллектуалдық үстел ойыны өтті. Негізгі мақсат – М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін дәріптеу. Іс-шара барысында «Информатика» кафедрасының жетекшісі Камалиден Айгерім Сағындыққызы ұлы тұлға мұраларының мәңгі өшпес шамшырақ екендігін баса айтты. Сайыс қорытындысына сәйкес «Қырандай күшті қанатты» тобы жеңіске кетті. Іс-шара соңында оқытушы Жалғасбай Меруерт Тілеубайқызы «М.Жұмабаевтың жұмбақ өлімі» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар И-21 тобының студенті Салпыкова Карина «Балбырауын» және «Көкшетау маршы» күйін күмбірлетті. Қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.