Текст
2023 жылдың 27 қазан күні «Сұңқар» универсиадасы бағдарламасы бойынша қалалық орта арнайы оқу орындары арасында дойбыдан турнир өтті.
Аталмыш турнирге Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері қатысып жеңіс тұғырынан көріне білді.
Жекелей есепте И-21 тобының студенті Бейсен Шыңғысхан I орынды жеңіп алды. Сондай-ақ ер балалар арасындағы командалық есепте И-21 тобының студенттері Бейсен Шыңғысхан мен Халел Сәкен бас жүлде I орынды қанжығаға байлады.
Жеңіс құтты болсын, алар асулар көп болсын!!!