27.10.2023
Ақмола облысы колледждерінің әскери-патриоттық клубтары арасында «ҮЗДІК ЖАС САРБАЗ – 2023» жарысында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері белсене қатысып, «Дене мәдениеті» бөлімінің ІІ курс студенті Оразалы Саян жүлделі І орынды жеңіп алып, 100 мың теңгелік сыйақы СЕРТИФИКАТЫНА ие болды. Негізгі мақсат – жастардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жан-жақты дамыту, олардың бойында толеранттылықты, құрмет пен патриотизм сезімін тәрбиелеу, олардың дене шымырлығын арттыру. Жетекшісі: Жабагин Т.Е. Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!