27.10.2023
2023 жылдың 26 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ата-ана мен колледж ынтымақтастығы: саналы ұрпақ, сапалы білім» тақырыбындағы ата-аналар конференциясы өтті. Іс-шара барысында колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы кәсіптік білім беруде колледждегі оқу процесінің талаптарымен таныстырса, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы «Студент-жастарды әлеуметтендіру, рухани-адамгершілік, интеллектуалдық қабілетін дамыту – басты міндеттердің бірі» атты баяндама оқыды. Сондай-ақ жасөспірімдер істері жөніндегі полиция инспекторы Турсимбаева Назира Каппасовна «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтарының алдын алу» тақырыбында сөз қозғаса, ата-аналар комитетінің төрайымы Калиева Асель Утегеновна баланы тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі отбасы міндеттерінің ерекшеліктері туралы ой өрбітті. Сонымен қатар колледждің педагог-психологі Жаңбырбай Айдана Абдрахмановна «Ата-ана, бала, психолог арасындағы байланыс-тұлғаны қалыптастырудың басымдылығы» тақырыбында баяндама оқыды. Конференция барысында «Ашық микрафон» қойылып, ата-аналар толғандырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кейін І курс студенттерінің ата-аналарымен топ кураторлары және бөлім меңгерушілері түрлі форматтағы жеке жиналыс өткізді. Ата-аналар студенттердің оқу-тәрбие процесімен, ата-аналар комитетімен және ата-анаға ескертпемен танысып, Аналар және Әкелер кеңесіне ұсыныс жасады.